Не болды?
«Болашақ» бағдарламасының шәкіртақысы 10-15% өсуі мүмкін. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Шәкіртақы сомасы үкіметтік баспасөз отырысында талқыланды. Халықаралық бағдарламалар орталығы төрағасының орынбасары Абай Рахметтің айтуынша, «Болашақ» бағдарламасы арқылы оқып жатқан студенттердің шәкіртақысы кейінгі 15 жылда өспеген. Әлемде инфляция деңгейі артып келеді. Шәкіртақы алғандар шетелге отбасымен бірге барып, оқып жүр
Халықаралық бағдарламалар орталығы «Болашақ» бағдарламасы бойынша грант санын азайтып, шәкіртақы мөлшерін арттыруды жоспарлап отыр.
Шәкіртақы сомасы ел мен қалаға байланысты өзгереді. Мысалы, Нию-Йорктағы ең жоғары шәкіртақы — шамамен, 2,2 мың доллар. Басқа аймақта бұл сомадан аздау. Грант саны қысқарып, шәкіртақы мөлшері артуы мүмкін, — дейді халықаралық бағдарламалар орталығы төрағасының орынбасары Абай Рахмет.
Контекст
Естеріңізге салайық, «Болашақ» бағдарламасының талабына сәйкес келмейтін 340 адамға шәкіртақы берілген.
