Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Тоқаев 14 өңірдегі Tomorrow School мектептерінің желісін ашты

Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев телекөпір арқылы 14 өңірдегі Tomorrow School мектептерінің желісін ашты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ақорданың мәліметінше, мемлекет басшысы бірқатар білім беру бастамасын іске қосу рәсіміне қатысты. Президенттің тапсырмасымен 2024 жылы Astana Hub жанынан Tomorrow School жасанды интеллект мектебі құрылған болатын. Енді оның табысты тәжірибесі ел көлемінде таратылады.

Мемлекет басшысы телекөпір арқылы 14 өңірдегі Tomorrow School мектептерінің желісін ашты. Бұл мектепте кәмелет жастан асқан, соның ішінде ақпараттық технология саласына жаңа қадам басқан азаматтар тегін білім алады.