Не болды?
23 сәуірден бастап Әл-Фараби даңғылындағы газ құбыры жөнделіп жатыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Алматы әкімдігінің мәліметінше, QAZAQGAZ AIMAQ АҚ-ның мамандары әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысындағы газ құбырын жөндеп жатыр. Көшеге жер асты арқылы газ құбыры өткелі салынады.

Мамандар газ құбырын сәуір айының соңына дейін жөндеп бітеді. Жөндеу жұмысын жаяу жүргінші жолында жасайды. Сондықтан көлік қозғалысына кедергі болмайды, жол жабылмайды, — делінген хабарламада.
Контекст
Естеріңізге салайық, былтыр Алматыда Байзақов және Бұхар жырау көшелерінің қиылысында газ құбыры жарылған еді.
