Мүгедектігі бар адамдарға арналған арнайы вагондар іске қосылады

Не болды?

Еліміздегі теміржол саласында мүгедектігі бар адамдарға арналған арнайы вагондар іске қосылады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Үкімет отырысында көлік министрі Нұрлан Сауранбаевтің айтуына қарағанда, инклюзивті саясат тұжырымдамасы аясында көлікке қолжетімдікті қамтамасыз ету үш негізгі бағыт бойынша жүріп жатыр. Олар: инфрақұрылым, көлік және қызмет көрсету.

Пойыздардың шамамен 90%-ы көтергіш және арнайы купелермен жабдықталған. 2030 жылға қарай әр пойыз құрамында кемі бір арнайы вагон болады. Вокзалдарды реконструкциялау кезінде пандус, жеделсаты, көтергіш құрылғы, касса аймағы мен санитарлық бөлмелер қайта жабдықталады. 

Авиация саласында әуежайлардың жағдайы жақсарып келеді. Олар мүгедектігі бар жолаушыларға қызмет көрсетудің негізгі шарттарымен қамтамасыз етілді, — дейді министр Нұрлан Сауранбаев.

Автомобиль саласында инклюзивтілік деңгейін жақсарту кезең-кезеңімен жүзеге асады. Автовокзал мен автостанциялардың шамамен 80%, қалалық автобустардың 79% талаптарға сәйкес келеді. Инватакси жүйесі де дамып жатыр. Автопарк 30% ұлғайып, 1426 таксиге жетті.

Контекст

Естеріңізге салайық, елімізде мүгедектік рәсімдеу жеңілдейді. Жаңа норма енеді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да