Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Бүгін ел кітапханаларында «Кітапхана түні» акциясы өтеді

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған кітап апталығы аясында бүгін елімізде «Кітапхана түні» акциясы өтеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, кітап апталығының бесінші күні аясында кітапханаларда квест-ойындар, вернисаждар, зияткерлік сайыстар, шығармашылық кездесулер, поэзия кештері мен түрлі интерактивті бағдарламалар ұйымдастырылады.

Бұл бастама кітапханаларды тек оқу орны емес, заманауи мәдени-танымдық кеңістік ретінде дамытуға бағытталған. Акция аясында оқырмандар үшін жаңа форматтағы іс-шаралар ұсынылып, кітап оқуға қызығушылықты арттыру көзделіп отыр, – делінген хабарламада.

Аймақтарда да түрлі форматтағы іс-шаралар өтеді. Алматыда «Айқас» зияткерлік ойыны ұйымдастырылса, Астанада «Кітапханадағы түнгі vibe» бағдарламасы өткізіледі. Батыс Қазақстан облысында балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы бағдарлама ұсынылады.

Жамбыл облысында «Түнгі кітап әлеміне саяхат» атты танымдық іс-шара өтсе, Түркістан облысында ақын Асылзат Арыстанбек пен композитор Жанар Болатбекованың қатысуымен поэзия кеші жоспарланған.