Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Жалған қажылық: Астанада алаяқ 17 қажының ақшасын ұрлады

Фото: ІІМ

Не болды?

Елордада өзін қажылық сапарын ұйымдастырушы ретінде таныстырған ер адам сотталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Астана қаласы прокуратурасының мәліметінше, ол жалған әуе билеттері мен қонақүй үшін еліміздің әр өңіріндегі 17 адамның жеті миллион теңгеден астам қаражатын иемденген.

Сотталушы ірі көлемдегі алаяқтық жасағанын мойындады. Жәбірленушілерге келтірілген залалды өтеді. Сот үкімімен ол үш жыл бас бостандығынан айырылды, — дейді баспасөз қызметі.

Прокуратура азаматтарға қажылыққа бару үшін лицензиясы бар туристік агенттіктерге жүгіну қажет екенін еске салды.

Контекст

Естеріңізге салайық, 2026 жылғы қажылық сапарының мерзімі мен бағыттары белгілі болды.