Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Рыбакина Германияда өтіп жатқан WTA 500 турнирінің жартылай финалында

Фото: J48tennis

Не болды?

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Германияда өтіп жатқан WTA 500 турнирінің жартылай финалына жолдама алды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, ширек финалда ол Канада спортшысы Лейла Фернандесті (WTA рейтингінде 25-орын) жеңді. Олардың ойыны 3 сағатқа созылды.

Алғашқы сетте тай-брейкте есе жібергенімен, кәсібилігінің мықты екенін көрсеткен Елена Рыбакина жеңіп шықты. Есеп: 6:7 (5:7), 6:4, 7:6 (8:6).

Жартылай финалда Рыбакина әлемнің тоғызыншы ракеткасы Мирра Андреевамен бақ сынасады.

Контекст

Естеріңізге салайық, Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы болды.