Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы қажылық маусымына дайындық жұмыстарын қорытындылады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Қасиетті сапардың мерзімі, тасымалдаушы әуе компаниялар және қажыларға қойылатын негізгі талаптар жарияланды.
ҚМДБ алаңында өткен онлайн-жиынға Қазақстан қажылық миссиясы мен 14 ресми туроператор басшылары қатысты. Жиын Кенжетай Байкемелұлы төрағалығымен өтті. Онда сапарды қауіпсіз әрі жоғары деңгейде ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Биылғы қажылық маусымы 15 мамыр мен 5 маусым аралығында өтеді. Қажылар Алматы, Астана және Шымкент қалаларынан ұшып, Жидда және Мәдина қалаларына тікелей рейстермен жеткізіледі.
Қажыларды тасымалдау конкурстық негізде үш әуе компаниясына берілді. Олар:
- Air Astana
- SCAT
- Flyadeal.
