Не болды?
Қытай мамыр айындағы мерекелер қарсаңында әуе рейстерін жаппай тоқтатып жатыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
China Daily ақпаратына қарғанда, бұған Таяу Шығыстағы жағдайдың ушыққаны мен мұнай бағасының барреліне 104 доллардан сатылып жатқаны себеп болып отыр. Отын қымбаттағасын, ұшақтарды бұрынғы кестемен ұшыру компанияларға көп шығын әкеледі.
Қай бағыттар тоқтатылып жатыр?
Air China, China Southern және AirAsia сияқты әуе компаниялары Бәңкок, Пхукет және Куала-Лампур сияқты туристік бағыттарға ұшуды тоқтатты. Бұл шектеу сәуірде басталған. Кем дегенде мамыр айының соңына дейін жалғасуы мүмкін.
Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының айтуынша, жанармай жеткізу мен ұшу кестесін қалпына келтіру үшін кемінде бірнеше ай уақыт керек. Сол себепті алдағы уақытта билет қымбаттап, рейс жиілігі 20% қысқаруы мүмкін.
Контекст
Естеріңізге салайық, 6 маусымнан бастап Ақтаудан Батумиге тікелей ұшуға болады.
