Не болды?
2026 жылы әлемде қашықтан істейтіндер 45 миллион адамға жетеді, ал 2030 жылға дейін бұл көрсеткіш 60 миллионға дейін өсуі мүмкін. Қашықтан істейтіндерді цифрлы көшпенділер деп айтады. Baribar.kz цифрлы көшпенділер көшіп жатқан сегіз қаланы айтып береді.
Мәлімет
Forbes ақпаратына қарағанда, бір ғана АҚШ-тың өзінде қазір 18 миллионнан астам адам өзін осы «цифрлы көшпенді» (қашықтан жұмыс істей алатын маман, мысалы, IT маманы) санатына жатқызады. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 131% көп.
Олар үшін не маңызды?
Бүгінде креаторлар мен цифрлы көшпенділерді қызықтыратын қалалар кездейсоқ таңдалмайды. Олар адамдардың жұмыс істеуіне, байланыс орнатуына және табыс табуына қолайлы болуға тиіс.
- Инфрақұрылым. Қашықтан жұмыс істейтіндерге жылдамдығы қатты интернет, сапалы коуоркиң және көп уақыт тұруға болатын үй болуы керек.
- Мүмкіндікке жақындық. Әлемдегі ең мықты хабтарға қызметкерінің кәсіби іс-шараға өз аяғымен барып қатысқанын да қалайды.
Жұрт ең көп баратын қалалар қайсы?
Қазіргі таңда ең танымал бағыттар:
- Лисбон, Португалия. Инфрақұрылымы дамыған, қауымдастығы белсенді және виза алу ыңғайлы.
- Меделин, Колумбия. Коуоркиң жақсы дамыған, екі жылдық виза алуға болады.
- Чиаң Май, Тайланд. Жұмыс істеуге арналған дәмхана көпт және күнделікті тіршілігі жайлы.
- Данаң, Виетнам. Мұхит жағасында тұрып, тұрақты интернет қолданады.
- Кейптаун, Оңтүстік Африка Республикасы. Жағажайы да, тауы да бар және мәдениеті де бай.
- Остин, Техас (АҚШ). Венчурлік капитал (инвестиция) көп, IT қауымдастығы мен сапалы іс-шара да баршылық.
- Майәми, Флорида (АҚШ). Салыққа жеңілдік беріледі және кәсіпкерлік орта көп.
- Әшвилл, Солтүстік Каролина (АҚШ). Табиғатпен етене жақын, шығармашыл қауымдастық көп.
Алайда осы қалалардың кез келгеніне көшіп, халықаралық компанияда қашықтан жұмыс істеу үшін техникалық сұхбаттан сәтті өту қажет.
Бұл — стратегияның бір бөлігі
Басылымның жазуына қарағанда, цифрлық бизнес жасап жатқан адамдар үшін орналасқан жер енді жай фон емес. Бұл — стратегияның бір бөлігі.
Креаторлар мен цифрлы көшпенділер үшін нағыз нәтиже қай жерде бизнес жасап жатқаның мен сол жер беретін мүмкінідікке байланысты.
