Қазақстанда телерадио уақытша хабар таратпайды

Қазақстанда 15 сәуір күні радио мен телевидение уақытша өшіріледі. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

«Қазтелерадио» мәліметінше, 15 сәуірде сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін жерсеріктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілерде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүреді. Осы уақыт аралығында ел аумағында телерадиоарналардың ретрансляциясы толықтай тоқтатылады.

Компания тоқсан сайын осындай техникалық жұмыстарды жүргізетінін айтып өтті. Бұл шара телерадиодан хабар тарату сапасын жақсарту және жабдықтарды жаңғырту үшін қажет.

Жоспарлы жұмыс кезінде қосымша техникалық жаңарту шаралары да жүзеге асады. Компания көрерменнен уақытша қолайсыздықты түсінуді сұрады.