Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Шымбұлақта аспалы жол уақытша жабылады

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Шымбұлақ тау шаңғы курорты аумағында жоспарлы профилактикалық жұмыстар басталады. Осыған байланысты бірқатар аспалы жол уақытша жабылады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Курорт әкімшілігінің мәліметінше, жұмыстар келесі кесте бойынша жүргізіледі:

  • Комби-2 аспалы жолы – 2026 жылғы 9–30 сәуір аралығында;
  • Медеу – Шымбұлақ гондола жолы және Комби-1 – 13–30 сәуір аралығында;
  • ККД-4 аспалы-креслолы жолы – 16–30 сәуір аралығында.

13 сәуірден бастап курортқа келушілер тек эко-автобустармен немесе таксимен көтеріле алады.