Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген Астанада өтіп жатқан Freedom Inside ‘26 бизнес форумында тыңдармандарының сұрағына жауап берді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Форумда өткен ашық сұхбат барысында БҚО келген тыңдарман әншіге көптің көкейінде жүрген сұрақты қойды.
Той қашан?
Қазақта жақсы мақал бар: «30 жас — орда бұзар» деген. Бауырым, той қашан?, — деді тыңдарман.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жар таңдаудан қателескім келмейді
Димаш Құдайбергеннің айтуынша, кейінгі уақытта мұндай сұрақтар жиілеп кеткен. Дегенмен ол бұл мәселеге асықпай, үлкен жауапкершілікпен қарайтынын жеткізді.
Әр нәрсенің өз уақыты бар. Ең бастысы, таңдау жасағанда өте мұқият болған дұрыс. Қазір қатты сезімге беріліп, қыз баласының тағдырын ойрандатудан қорқамын. Себебі қыздарды қатты құрметтеймін. Сондықтан бұл тақырыпқа басқаша қараймын. Үйленгеннен кейін, сол кісімен бірге бір жастықта қартаю керек, – деді әнші.
