Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Қайырымдылықпен кім айналысуы керек? ҚҚДИ зерттеу жүргізді

Фото: "Жүректен жүрекке" қайырымдылық қоры
ҚҚДИ жүргізген зерттеу нәтижесінде Қазақстан азаматтарының қайырымдылыққа қатысты көзқарасы белгілі болды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Сауалнамада респонденттерге «Қайырымдылықпен кім көбірек айналысуы керек?» деген сұрақ қойылған. Нәтижесінде қоғамда екі негізгі ұстаным басым екені анықталды.

Атап айтқанда, қатысушылардың 41,6%-ы әр адам өз мүмкіндігіне қарай қайырымдылық жасауға тиіс деп есептейді. Ал 37,6%-ы бұл жауапкершілікті мемлекетке жүктеген.

Сонымен қатар респонденттердің бір бөлігі қайырымдылықпен бизнес-құрылымдар (13%) және коммерциялық емес ұйымдар (4,6%) айналысуы керек деген пікір білдірген.

Зерттеу деректері бойынша, 2021 жылмен салыстырғанда Қазақстан азаматтарының бұл мәселеге қатысты көзқарасы айтарлықтай өзгермеген. Дегенмен жеке әлеуметтік жауапкершілікке қатысты көрсеткіш төмендеген: бұрын 45,9% болса, қазір 41,6% түскен, — делінген хабарламада.

Сарапшылардың болжамынша, бұл үрдіс азаматтардың жауапкершілікті мемлекетке көбірек жүктеуімен байланысты болуы мүмкін еді. Алайда деректер керісінше жағдайды көрсетіп отыр.

Кейінгі жылдары қайырымдылықтағы негізгі рөлді ұйымдарға беру үрдісі күшейген. Мәселен, бизнес-құрылымдарға сенім 8,8%-дан 13,1%-ға дейін артса, коммерциялық емес ұйымдарға қатысты көрсеткіш 2,2%-дан 4,6%-ға дейін өскен.

***

Тағы оқыңыз: 

«Шұғыла» қоры: Қайырымдылық көрсетуді жақыныңыздан бастаңыз