Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Алматы тауларында қоқыс жинағандарға тегін кофе беріледі

Фото: Жазира Пірімқұл
Алматыдағы жаңа «Бұтақты» визит-орталығында экологиялық бастама жүзеге аса бастады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Алматы қаласы туризм басқармасының мәліметінше, Іле-Алатауы ұлттық паркі аумағына келушілер таудағы қоқысты жинап, оны визит-орталыққа тапсыра алады. Оның орнына қатысушыларға тегін сусын — кофе немесе шай ұсынылады.

Бұл жоба «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында іске асырылып отыр. Бастама табиғатты таза ұстауға үндеп қана қоймай, азаматтардың жеке жауапкершілігін арттыруды көздейді, — делінген хабарламада.

Мамандардың пікірінше, тауда демалу мәдениеті ең алдымен қоршаған ортаға ұқыпты қараудан басталады.

Еске салайық, бұған дейін «Бұтақты» визит-орталығы Іле-Алатауы ұлттық паркінің туристер жиі баратын бағыттарының бірінде ашылған болатын.

Exit mobile version