Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Алматы облысында жер сілкінді

Фото: Inform.kz
Алматы облысы Іле ауданындағы ауылдардың бірінің тұрғындары жер сілкінісін сезді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеулер мен ақпарат ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі 8 сәуір күні Астана уақытымен 22:55-те жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 117 шақырым жерде орналасқан.

Сезілуі бойынша: Алматы облысы, Құрты ауылы – 2 балл.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.