Не болды?
Қостанайда Ресей әншісінің өтпей қалған концертіне билет алғандарға ақша қайтарылатын болды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Сауда және интеграция министрлігінің мәліметіне қарағанда, Ресей әншісі Акмальдың (Акмаль Ходжаниязов) концертіне билет сатып алғандар сотқа шағымданған. Жоспар бойынша концерт 2025 жылғы 25 қазанда Қостанайда өтуге тиіс еді. Алайда концерт кейінге шегеріліп, ақыры аяғында мүлдем өтпеді.
Сот шешімі бойынша Қостанайда Акмальдың өтпей қалған концертіне билет алғандарға 5,3 млн теңге қайтарылады, — делінген хабарламада.
Контекст
2025 жылғы қазанда Акмаль Петропавлдағы концертінде көк, сары түсті пакетті өртеу керегін айтты. Акмальдың сөзіне қарағанда, бұл түстер оған ұнамайды екен. Дәл осы түстер Қазақстан мен Украинаның туында бар. Акмальдың бұл сөзін жұрт әлеуметтік желіде талқыға салды. Содан соң әншінің Қазақстандағы концерттері өтпеді.
