Талғарда кісі қолынан қаза болған 16 жастағы Шерзат Болаттың ісі бойынша сотталғандар үкіммен келіспей, кассациялық сотқа жүгінді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев мәліметінше, сотталған Азамат Тоқтаубаев пен Дидар Қалиахмет кассациялық шағым түсіріп, өздерін толық ақтауды сұраған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Адвокаттың айтуынша, олар шығарылған үкіммен келіспейді. Қылмыстық істі кассациялық тәртіппен қарау бүгін, 7 сәуірге белгіленген.
Еске салайық, 2024 жылғы 3 қазанда түнде 16 жастағы Шерзат Болат төбелес кезінде қаза болды. Іске қатысы бар тоғыз азамат сотталған болатын.
