Қарағанды облысында 13 жастағы жасөспірім жоғалды

Қарағанды облысының Абай қаласында 2012 жылғы туған Рыс Бибарыс Бекнұрұлы із-түссіз жоғалып кетті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

ІІМ мәліметінше, жасөспірім 1 сәуір күні үйінен шығып кетіп, сол қалпы қайта оралмаған.

Жеке мәліметтері: жасы – 13-те. Бойы шамамен 150-155 см, дене бітімі орташа, 7-класта оқиды. Киген киімі: қара күртеше, қызғылт-сары футболка, қара шалбар және жасыл аяқ киім, — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта полиция іздестіру жұмысын жүргізіп жатыр. Полиция жасөспірімнің жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат болса, 8-707-444-07-74, 8-705-311-78-53 нөмірлеріне немесе «102» арнасына хабарлауды сұрайды. Тәртіп сақшылары кез келген ақпарат маңызды екенін ескертіп, азаматтарды бейжай қалмауға шақырады.