Не болды?
Қазақстанда медициналық көмек сапасына қатысты шағым қабылдау тәртібі өзгерді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мәліметіне қарағанда, енді азаматтар медициналық көмек сапасына қатысты шағымын msqory.kz ресми сайты мен Qoldau 24/7 мобайл қолданбасына жолдай алады.
Денсаулық сақтау министрлігінің 2026 жылғы 13 наурыздағы №132 бұйрығы бойынша, 2020 жылғы 8 қазандағы №648 «Біртұтас медициналық ақпараттық call-орталығының қызметін ұйымдастыру ережелері мен оның регламентін бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс енгізілді.
Бұл шешім азаматтардың жеке дерегін қорғау мен медициналық құпияны сақтау мақсатында қабылданды, — делінген хабарламада.
Азаматтарға 1414 байланыс орталығы арқылы бұрынғы тәртіпке сай ТМККК мен МӘМС жайлы медициналық көмек мәселесі бойынша кеңес беру жалғаса береді.
Контекст
Естеріңізге салайық, былтыр «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында 50 медицина нысаны қолдануға берілген еді.
