Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Алматыда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Фото: Еlitar.kz
Алматыда кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты зорлық-зомбылық жасаған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Алматы сотының мәліметінше, қылмыстық іс Алматының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында жабық форматта қаралды. Сотталушыға ҚР қылмыстық кодексі 121-бабы 4-бөлігі — сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері бойынша айып тағылған.

Сот мәліметінше, 2025 жылы сотталушы кәмелетке толмаған жәбірленушіге қатысты ауыр қылмыс жасаған. Оның кінәсі жәбірленушінің және заңды өкілінің айғақтарымен, сонымен қатар сот сараптамаларының қорытындыларымен толық дәлелденген.

Сот үкімімен айыпталушы кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.