БҚО-да мектеп автобусы апатқа ұшырады

Не болды?

БҚО Теректі ауданы Подстепный ауылында мектеп автобусы апатқа ұшырады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратына қарағанда, оқиға туралы хабар бөлімшеге бүгін, сағат 14.00-де келіп түскен.

Республикалық маңызы бар Самара-Шымкент автожолында маршруттық жолаушылар автобусы оқушылар бар мектеп автобусын артқы жағынан соққан. Салдарынан мектеп автобусы алда тұрған Ford Galaxy автокөлігімен түйіскен.

Жол апатынан зардап шеккендердің ішінде жасөспірімдер бар. Бәріне медициналық көмек берілді. Қылмыстық іс қозғалды. Жолаушылар автобусы жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, — дейді полиция департаменті.

Қазіргі уақытта жарақат алғандар саны мен олардың қал-жағдайы туралы ресми ақпарат жоқ.

Контекст

Естеріңізге салайық, Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында қашықтықтан басқарылатын ұшу құрылғысы (дрон) табылған еді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да