Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Түркиядағы таеквондо турнирі: Қазақстанның әйелдер құрамасы 5 медаль жеңіп алды

Фото: olympic.kz

Не болды?

Түркиядағы таеквондо турнирінен еліміздің әйелдер құрамасы бес медаль жеңіп алды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметіне қарағанда, Түркияның Анталья қаласында таеквондодан Turkiye Open-2026 халықаралық турнирі өтіп жатыр. Турнирде Қазақстан әйелдер құрамасы таеквондодан бес медаль жеңіп алды.

Айдана Құмартаева 46 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап, күміс жүлдеге ие болды. Ал таеквондо сайысынан 3-орын алған:

  • Нодира Ахмедова — 53 кг дейінгі салмақта;
  • Айдана Сүндетбай — 53 кг дейінгі салмақта;
  • Мария Севостьянова — 57 кг дейінгі салмақта;
  • Назым Махмұтова 73 кг дейінгі салмақта қола медаль еншіледі.

Жарыстың соңғы күнінде ерлер арасындағы бәсеке өтеді.

Контекст

Естеріңізге салайық, былтыр таеквондодан Найробиде өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында Бейбарыс Қабылан алтын медаль жеңіп алған еді.