No Kings: АҚШ-та Трамп саясатына қарсы шеру өтті

АҚШ-тың әр өңірінде Дональд Трамп саясатына қарсы No Kings ұранымен ауқымды наразылық акциялары өтті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Сарапшылардың бағалауынша, шерулерге шамамен 8 миллионға жуық адам қатысқан. Бір күннің өзінде ел аумағында 3300-ден астам наразылық шарасы ұйымдастырылды. Қатысушылар президент билігінің күшеюіне, миграциялық шектеулерге және сыртқы саясатқа қатысты шешімдерге қарсылық білдірді.

Ірі мегаполистердің бірі – Нию-Йорк қаласында мыңдаған адам көшеге шығып, демократиялық құндылықтарды қорғауды талап етті. Сарапшылар бұл қозғалысты соңғы жылдардағы ең ірі азаматтық белсенділік толқынының бірі деп бағалап отыр.

Наразылықтың негізгі ошақтарының бірі Миннесота штаты болды. Мұнда тұрғындардың ашуына миграциялық қызметтің әрекеті түрткі болған. Екі АҚШ азаматының қазасынан кейін басталған қоғамдық сын елдің басқа өңірлеріне де тарады.

Миннеаполис қаласында өткен шеру барысында танымал музыкант Брюс Спрингстин сөз сөйлеп, бұл наразылықтарды азаматтық қоғамның белсенділігінің айқын көрінісі деп атады.

Бұл наразылықтар — елдегі болып жатқан әділетсіздікке деген халықтың шынайы үні, — деді ол.

Сонымен қатар No Kings қозғалысы халықаралық қолдауға ие болды. Ынтымақтастық акциялары Париж, Лондон және Лиссабон қалаларында өтті. Шетелдегі шеруге қатысушылар Дональд Трамп отставкасын талап етіп, оның халықаралық саясаттағы шешімдерін сынға алды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да