Не болды?
Қазақстан тректегі велоспорттан Азия чемпионатында алғаш рет медаль алды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Филиппиннің Тагайтай қаласында тректегі велоспорттан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметіне қарағанда, құрлықтық турнирде Қазақстан спорт құрамасы алғашқы медалін жеңіп алды. Жасөспірім қыздар арасындағы командалық із кесу жарысында отандастарымыз алтын медаль иеленді. Әнел Тәшбай, Аружан Қабдулова, Виталина Хоружая, Әлия Букаева және Әйгерім Смайлканова жеңіс тұғырынан көрінді.
Тректегі велоспорттан Тайбэй құрамасы екінші орын алды, Өзбекстан құрамасы үшінші орынға табан тіреді.
Контекст
Естеріңізге салайық, 2022 жылы Евгений Федоров велоспорттан әлем чемпионы атанған еді.
