Евгений Федоров велоспорттан әлем чемпионы атанды

Оған 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында тең келетін ешкім болмады.

Евгений Федоров 169,8 шақырымдағы топтық жарыста мәре сызығына бірінші болып кесті.

Спортшының  айтуына қарағанда, жарыс өте қиын болған.

Мен ешкімге «жеңемін» уәде берген жоқпын. Ұзақ дайындалдым, жаттықтырушылар штабы мені осыған мақсатты түрде жетеледі. Жеңіп шықтым. Эмоцияда шек жоқ! Оның үстіне күн де ауыр болды. Жаңбыр. Мен төрт айналымнан өтуге тырыстым, содан кейін екі айналым. Содан кейін бөлініп шықтым . Төрт адам болдық. Сосын екеуі қалды. Топ жетіп қалды, екеуміз бірге жұмыс жасадық. Үш жүз метрде мен жүлдеге келуім керек деп өзіме нұсқау бердім. Мен өте бақыттымын. Командаға және маған көмектескендердің барлығына рахмет, — деді Евгений Федеров.