Не болды?
Енді Ресейден ақша мен алтын алып шығуға шектеу қойылды. Владимир Путин жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Deutsche Welle ақпаратына қарағанда, 1 сәуірден бастап жеке тұлғалар Ресейден ЕЭО елдеріне 100 мың доллардан асатын қолма-қол рубльді алып шыға алмайды. Ал заңды тұлғалар мен кәсіпкерлерге валютаны алып шығуға толық тыйым салынады.
1 мамырдан бастап жеке тұлғаларға салмағы 100 грамнан асатын алтын құймаларын да мемлекеттен тысқа алып шығуға болмайды. Тек арнайы органдар келісімі болған жағдайда рұқсат берілуі мүмкін.
Контекст
Естеріңізіге салайық, Ресейде Павел Дуровқа қылмыстық іс қозғалды.
