Google мен Meta желіге тәуелдік үшін 6 млн доллар төлеуге міндетті

Не болды?

Лос-Анджелестегі алқабилер YouTube және Instagram қолданбаларының ішкі дизайны жасөспірімдерді өзіне тәуелді етеді және психологиялық проблемаларға әкеледі деп шешті. Сол үшін сот шешімімен Google мен Meta-ны 6 миллион доллар төлеуге міндеттеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Deutsche Welle ақпаратына қарағанда, Google мен Meta 20 жастағы пайдаланушыға әлеуметтік медиаға тәуелдіктен туындаған психологиялық залал үшін 4,2 миллион доллар өтемақы төлеуге міндетті. Бұл шешімді Лос-Анджелестегі алқабилер қабылдады.

YouTube пен Instagram-ның дизайны тәуелдік тудырады деп шағымданып, қыз сот көмегіне жүгінген. Алқабилер «екі корпорация өз қолданбасының дизайнын жасауда немқұрайлылық танытты және пайдаланушыларға ықтималдығы бар қауіптер туралы ескертпеді» деген шешім қабылдаған.

Алайда корпорациялар бұл шешіммен келіспей отыр. Олардың айтуынша, бұл қыздың мәселелері қолданбаға тәуелді болғанынан емес, үйіндегі ата-анасымен қарым-қатынасы дұрыс болмауынан туындаған. Cот отырысы жалғасады.

Контекст

Естеріңізге салайық, ЕО Илон Масктың X әлеуметтік желісіне айыппұл салған еді.