Алматыда вьетнамдық және қазақстандық БАҚ-тардың бас редакторлары кездесті

Шара барысында келесі тақырыптар көтерілді:

  • Вьетнам Республикасы мен Қазақстан Республикасындағы БАҚ еркіндігі;
  • Сандық медианың халық арасында кеңінен таралуы кезеңіндегі баспасөздің дамуы;
  • Жеке және мемлекеттік БАҚ-тың қарым-қатынасы;
  • Интернет-медиадағы жазылым мәселесі;
  • Хоум Кредит тобына кіретін ұйымдардың өзара ықпалдастығы;
  • Қазақстан және Вьетнам БАҚ-тарының серіктестігі.

Вьетнам тарапынан кездесуге келесі ақпарат құралдарының бас редакторлары қатысты: «Tien Phong» газеті («Pioneer»); «Dau Tu» газеті («Investment»); «Phu Nu Viet Nam» газеті («Vietnamese Woman»); «Cong An Nhan Nam» газеті («People`s Police»);  «Cong An Tp.HCM» газеті («HCMC Police»); «Doi Song & Phap Luat» газеті («Life and Law»); Vietnam Television телеарнасы.

Қазақстандық тараптан шараға «Егемен Қазақстан» газетінің шолушысы Айнаш Есали, «Сұрақ-Жауап» сайтының негізін қалаушы Ербол Серікбай, «Іскер Медиа» компаниясының басшысы, «Бизнес и Власть» газетінің бас редакторы Олег Хе, National Business журналының бас редакторы Денис Кулькин және Матрица.kz сайтының бас редакторы Серік Болат қатысты.

Банк Хоум Кредит

«Қазақстанға екі күн бұрын келдік, ел бірден ұнады: керемет әдемі екен. Климаты да тамаша, қоңыржай. Халқы ақкөңіл, қонақжай болып келеді екен», — дейді  «Tien Phong» газетінің бас редакторы Ле Сон.

Оның айтуынша, кездесу өткен Банк Хоум Кредиттің Байланыс орталығы қонақтарға ерекше әсер етіпті. «Байланыс Орталығы ерекше екен, мұны бірден байқадық. Кең әрі жарық кеңсе, намазхана, мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделген бөлмелер  – жұмысты өнімді жасау үшін барлық жағдай жасалыпты», — дейді ол.

Шарадан кейін вьетнамдық қонақтар Банк Хоум Кредит Басқарма Төрағасы Ондржей Кубик және Басқарма Төрағасының орынбасары, Банк Операциялары Департаментінің Директоры Нарина Надировамен кездесті.

Сондай-ақ шетелдік БАҚ өкілдері медиа-бизнесмен Арманжан Байтасовпен кездесті. Әңгіме барысында қатысушылар қазақстандық басылымдар мен телеарналардың қызметін, онлайн және телевизиялық нарықтардың дамуын талқылады.