Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Екібастұз моноқала санатынан шықты. Жаңа тізбе бекітілді

Фото: baq.kz
Ұлттық экономика министрлігі еліміздегі моноқалалар тізбесін жаңартып, Екібастұз қаласын ресми түрде тізімнен шығарды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Министрліктің мәліметінше, бұл шешім 2026 жылғы 10 наурыздағы бұйрық негізінде қабылданған. Оған қаланың экономиканы табысты әртараптандыруы себеп болған.

Ведомство 78 негізгі көрсеткіш бойынша моноқалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуына кешенді талдау жүргізген. Нәтижесінде Екібастұздың монопрофильді модельден біртіндеп шығып, тұрақты даму жолына түскені анықталған.

Қала экономикасы бүгінде теңдестірілген салалық құрылыммен, өнеркәсіптің тұрақты өсімімен және жоғары инвестициялық белсенділікпен сипатталады. Екібастұз еліміздің энергетика және металлургия саласында маңызды өнеркәсіп орталығы саналады.

2025 жылдың қорытындысы бойынша:

  • өнеркәсіп өндірісінің көлемі – 1 629,4 млрд теңге (+28,1%)

  • негізгі капиталға инвестиция – 429,8 млрд теңге (1,2 есе өсім)

Жаңартылған бұйрықпен 19 моноқаланың тізбесі бекітілді:

  • Абай;
  • Ақсай;
  • Ақсу;
  • Алтай;
  • Балқаш;
  • Жаңаөзен;
  • Жітіқара;
  • Лисаковск;
  • Қаражал;
  • Кентау;
  • Құлсары,;
  • Курчатов;
  • Риддер;
  • Рудный;
  • Сәтбаев;
  • Степногорск;
  • Теміртау;
  • Шахтинск;
  • Хромтау.

Министрлік өкілдері Екібастұзды тізімнен шығару – қаланың экономикалық трансформациясы сәтті жүзеге асқанын көрсететін маңызды көрсеткіш екенін атап өтті.

Мақалаға реакция