Жаңа Конституция. «Масс-медиа туралы» заңға өзгеріс енеді

Не болды?

Жаңа Конституция қабылданғаннан кейін үкімет заңнаманы, соның ішінде «Масс-медиа туралы» заңға өзгеріс енгізеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева үкімет отырысында өзгеріс енетін негізгі бағыттар туралы айтты. Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасымен барлық заңнама жаңа Конституция талаптарына сәйкестендіріледі.

БАҚ саласындағы заңнаманы жаңарту

Заңдағы өзгерістер арқылы сөз бостандығы мен ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндіктерін күшейту, азаматтардың қорғаныс деңгейін арттыру жоспарланып отыр.

Масс-медиа саласындағы заңнаманы жетілдіру жалғасып жатыр. Құқықтық базаға сөз еркіндігі, цензураға жол бермеу және азаматтардың ақпаратты алу және тарату құқығы қағидаттарын жан-жақты әрі нақты айқындау көзделіп отыр, – деді Аида Балаева.

Бұрын не болды?

Бұған дейін «Масс-медиа туралы» заң қоғамда үлкен талқы тудырған еді. Құқық қорғаушылар ашық хат жазып, оны мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарауына жіберген. 

Конституцияның жаңа жобасында журналистерді тіркеу рәсімін жеңілдету және автоматтандыру үшін енгізілуге тиіс болған баспасөз картасы туралы норма алынып тасталды. Бұған журналистер мен құқық қорғаушылар қарсы шықты, өйткені бұл БАҚ қызметкерлерінің аккредитация алуына қатысты сенімсіздік тудырды. Нәтижесінде жоба жазумен айналысқан жұмыс тобы аккредитация мен баспасөз картаның арасында айырмашылық жоқ деп есептеді. Бұл норманы заңнан алып тастады.

Контекст

Естеріңізге салайық, Конституция 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Тоқаев жарлыққа қол қойды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да