Қазақстанда Наурыз мейрамы қарсаңында «Шу – Тараз» бағыты бойынша қосымша электр пойызы іске қосылады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының мәліметінше, жолаушылар санының артуы мүмкін екеніне байланысты компания №6975/6976 қосымша электр пойызын іске қосады. Ол мейрам күндері Шу және Тараз станциялары арасында қатынайды.
Пойыз 21, 22, 23, 28, 29 және 30 наурыз күндері жолға шығып, өңір тұрғындары мен қонақтарына қосымша көлік қатынасын қамтамасыз етеді. Қозғалыс кестесі:
Шу станциясынан:
- жөнелуі — 05:00
- Таразға келуі — 08:41
Тараз станциясынан:
- жөнелуі — 12:40
- Шуға келуі — 16:22
Баспасөз қызметінің мәліметінше, электр пойызы екінші және үшінші кластағы төрт вагоннан тұрады. Құрамның жалпы сыйымдылығы – 352 орын.
