Алматыда Наурызға байланысты Төле би көшесінің бір бөлігі жабылады

Алматыда Наурыз мейрамына арналған дайындық және мерекелік іс-шараларды өткізуге байланысты бірқатар көшеде автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

2026 жылғы 16 наурыз сағат 03:00-ден 23 наурыз сағат 00:00-ге дейін Төле би көшесінің Назарбаев даңғылынан Абылай хан көшесіне дейінгі бөлігі автокөлік қозғалысы үшін уақытша жабылады. Жүргізушілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, енгізілген уақытша шектеулерді ескеруді сұраймыз, — делінген хабарламада.

Еске салайық, Алматыда 14-23 наурыз аралығында Наурыз мейрамына арналған ауқымды мәдени-көпшілік іс-шаралар өтеді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да