Қазақстанның теннисшісі, әлемдік рейтиңде үшінші орында тұрған Елена Рыбакина Indian Wells турнирінің ширек финалына шықты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Елена Рыбакина Indian Wells Open турнирінің 1/8 финалында Ұлыбритания өкілі Сонай Карталмен кездесті. Матчтың алғашқы сетінде теннисші 6:4 есебімен басым түсті. Екінші сетте Рыбакина 4:3 есебімен алда тұрған кезде қарсыласы жарақатына байланысты ойынды жалғастырудан бас тартты.
Осылайша, Елена Рыбакина мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, турнирдің ширек финалына жолдама алды.
Еске салайық, биыл Елена Рыбакина Australian Open турнирінің чемпионы болған еді.
