Астанада 15 наурыз күні өтетін республикалық референдумге байланысты қалалық, экспресс және қала маңындағы автобус бағыттарында жол жүру тегін болады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Әкімдіктің мәліметінше, бұл күні қала тұрғындары мен қонақтары қоғамдық көлікпен ақысыз қатынай алады.
Бұл іс-шара азаматтардың қатынауын жеңілдету және дауыс беру учаскелеріне жетуді оңайлату үшін қабылданды. Қоғамдық көлік белгіленген кестеге сәйкес штаттық режимде – сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал 16 наурыздан бастап қоғамдық көлік қалыпты режимде қызмет көрсетеді, — делінген хабарламада.
