Не болды?
Астанада «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалиция өкілдері KAP Logistics ЖШС қызметкерлерімен кездесті. Жиынға қатысқандарға жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері мен олардың қоғамды одан әрі дамытудағы практикалық маңызы түсіндірілді.
Мәлімет

Жаңа Конституция жобасында қоғам мен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылды күшейту үшін Халық кеңесін құру арқылы қоғамдық диалогты дамыту қарастырылған. Оның құрамына әртүрлі әлеуметтік топ өкілдері енеді, ал Кеңеске заңнамалық бастамалар ұсыну мүмкіндігі беріледі. Ашық жұмыс форматы азаматтардың маңызды мемлекеттік шешімдерді талқылау мен қабылдау процесіне көбірек қатысуыға мүмкіндік береді, — деді жалпыұлттық коалицияның Астана филиалының басшысы Ерлан Қаналимов.
Қатысушылар жаңа Конституция жобасында мемлекеттік билік қызметін ашық ету және қоғамдағы бақылау тетіктерін кеңейту қағидаттарын бекіту көзделгенін айтып өтті. Бұл сыбайлас жемқорлықты азайтып, мемлекетті басқарудың тиімділігін арттыруға және биліктің қоғам алдындағы жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Кездесу ашық диалог форматында өткендіктен, қатысушылар сұрақ қойып, пікір айтты. Кездесуде Конституция нормаларын іске асыруға азаматтар белсенді қатысқаны маңызды екені де айтылды.

Анықтама
KAP Logistics ЖШС — 2006 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жүйесіне кіретін кәсіпорындарды уақтылы материалдық-техникалық қамтамасыз ету мен көліктік-экспедициялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін құрылған компания. Компания теміржол және автокөлік арқылы жүк тасымалдайды, жүктерді өңдейді және қызметкерлерді вахталық ауыстыру жұмыстарын реттейді. Кәсіпорын құрылымына «Орталықтандырылған автотиеу-түсіру базасы», «Шиелі-Сұңқар» және «Оңтүстік» филиалдары кіреді. Бүгінде компанияда 1 450 қызметкер еңбек етеді.
