Семейдің мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты анасын қорлап, оған қысым көрсеткен ер адамның ісін қарап, оны әкімшілік қамауға алды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Соттың мәліметінше, ер адам бұған дейін де анасына қысым көрсеткен. Осыған байланысты полиция 2026 жылғы 14 ақпанда оған анасымен байланысқа түспеу туралы қорғау нұсқамасын берген. Алайда ер адам нұсқаманы бұзып, анасының үйіне барып, оны балағаттап, құрметсіздік танытқан.
Сот отырысында азамат өз кінәсін толық мойындаған. Нәтижесінде, тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған қорғау нұсқамасын бұзғаны және анасының тыныштығын бұзғаны үшін ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, — делінген хабарламада.
