Алматыда 2 710 жұмысшы қар күреп жатыр

Алматыда қалың қарға байланысты коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Алматыда 10 наурыз кешкі уақыттан бастап қар жауа бастады. Қалалық қызметтердің мәліметінше, қазірдің өзінде шамамен 3-4 см қар жауған. Оны күреуге 75 жедел бригада, 2 710 жол саласының жұмысшысы және 1 225 техника тартылды. 200-ден астам жол тазалайтын техника жолға көктайғаққа қарсы материалдар септі. Себу жұмыстары біткен соң, техника 28 бригадаға бөлініп, көшелерді тазалау жұмыстарына кірісті.

Қазіргі уақытта жолдарға үшінші рет құм-тұз қоспасы себіліп жатыр. Бұл шаралар көктайғақтың алдын алуға мүмкіндік береді. Қала тұрғындарына барынша сақ болу ескертіледі: жүргізушілерге жылдамдықты төмендетіп, арақашықтық сақтауға, ал жүргіншілерге тротуарларда абай болуға кеңес беріледі, — делінген хабарламада.