Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Әйелдерге арналған «Ұмай» бағдарламасы қашан басталады?

Фото: Нұрназар Әмзе
«Ұмай» және «Жасыл ипотека» ипотекалық бағдарламаларын қаржыландыру шілде-тамыз айларында басталады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Отбасы банк Азия даму банкімен меморандумға қол қойған. Қазір барлық қажет ресми құжаттарға қол қою процесі жүріп жатыр.

Қаржыландырудың жалпы көлемі 90 миллиард теңге болды. Жоспар бойынша қаражаттың 50%-ы «жасыл» ипотекаға, ал тағы 50%-ы «Ұмай» ипотекалық бағдарламасына бағытталады. Осылайша, әр бағдарламаға 45 миллиард теңгеден келеді, — деді Отбасы банк басшысы Ләззат Ибрагимова үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бағдарлама шілде – тамыз айларында басталуы мүмкін.