Михаил Шайдоров ISU сыйлығына ұсынылды

Олимпиада ойындарының чемпионы, мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Халықаралық конькишілер одағының ISU Skating Awards сыйлығына үміткер атанды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Sports.kz мәліметінше, дауыс беру төрт номинация бойынша өтеді: «Үздік костюм», «Ең үздік ойын-сауық бағдарламасы», «Үздік хореограф» және «Үздік жаттықтырушы».

Михаил Шайдоров 2026 жылғы олимпиада ойындарындағы еркін бағдарламасында киген костюмі үшін «Үздік костюм» аталымы бойынша үміткерлер тізіміне енген.

Айта кетейік, бұл әзірге үміткерлердің алдын ала ұзын тізімі. Жанкүйерлердің дауыс беруі 18 наурызға дейін жалғасады. Кейін әр санат бойынша үш номинант анықталады.

Жеңімпаздар 29 наурызда Прага қаласында өтетін Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты аясындағы банкетте жарияланады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да