Атырау облысында жоғалған отбасының тағы екі мүшесінің мәйіті табылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
«Ақ Жайық» басылымының мәліметінше, Алматыға жеткізілген күдікті Сұлтан Сәрсемалиев тергеу барысында Наурыз бен Мейрамгүлді өлтіргенін мойындап, олардың денелерін бұрын жалдап тұрған үйінің ауласына көмгенін айтқан.
Осы ақпараттан кейін тергеушілер көрсетілген жерде қайта іздеу жұмыстарын жүргізіп, мәйіттерді тапты.
Еске салайық, 2025 жылғы қараша айында Атырау облысында төрт адамнан тұратын отбасы жоғалып кеткен. 2026 жылғы қаңтарда отағасы мен оның әйелінің денесі өз үйлеріндегі сарайдан табылған болатын. Ал олардың екі ересек баласын іздеу жұмыстары осы уақытқа дейін жалғасқан.
Ақпан айында отбасының күйеу баласы мен қызы Индонезияда ұсталды.
