ЦентрКредит банкі Mastercard-пен бірлесіп және Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚҚБ) қолдауымен Business-Aru гранттық жобасын жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Банктің мәліметінше, өтінімдер биыл 6 наурыздан бастап қабылданады. Аталмыш жоба – Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігін өркендетуге және қолдауға бағытталған білім беру мен байқауды ұштастырған бірегей алаң.
Business-Aru – жеке ісін бастауды немесе қолданыстағы бизнесін дөңгелетуді мақсат еткен қазақ әйелдерге арналған тегін оқу бағдарламасы әрі бизнес-жоспарлар сайысы. Қатысушылар қаржы, маркетиң, сауда және менеджмент салалары бойынша дәріс алып, кейін өздерінің жеке бизнес-жоспарларын әзірлеп, қазылар алқасының алдында қорғайды. Жобаға 18 жастан асқан қыз-келіншектер қатыса алады. Олардың қатарында ісін жаңа бастағандар да, кәсібін кеңейткісі келетін тәжірибелі кәсіпкерлер де болуы мүмкін.
Өткен жылы жоба нәтижелері біз ойлағаннан де асып түсті. Еліміздің түкпір-түкпірінен 3 мыңнан астам әйел қатысып, 44 финалист өз бизнес-жоспарын сәтті қорғап шықты. Бүгінде жеңімпаздар банк көмегімен өз идеяларын жүзеге асырып жатыр. Біз еліміздегі әйелдер кәсіпкерлігінің зор әлеуетін көрдік. Сондықтан Business-Aru жобасын жыл сайын өткізу туралы шешім қабылдадық, – деп атап өтті ЦентрКредит банкінің президенті Руслан Владимиров.
Тіркелу тәртібі туралы толық ақпаратты банктің ресми сайтынан біліп, өтінім жолдауға болады.
