Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Алматыда 8 наурыз мерекесі қалай өтеді?

©Айгүл Хожантаева
8 наурыз қарсаңында Алматының барлық ауданында мерекелік іс-шаралар өтеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Алмалы ауданында бүгін сағат 15:00-де «Көктем құшағында» концерті өтеді. Мерекелік іс-шара Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде ұйымдастырылады.

Әуезов ауданында 5 наурыз сағат 15:00-де «Көктем шуағы» концерті болады. Өтетін орны — Нархоз университеті. Дәл сол уақытта Алатау ауданының Инновациялық шығармашылық орталығында мерекелік іс-шара ұйымдастырылады.

Одан бөлек бүгін Түрксіб ауданының №6 Оқушылар үйінде, Бостандық ауданының «Конкордия» театрында, Наурызбай ауданының Инновациялық технологиялар орталығында мерекелік бағдарламар өтіп жатыр.

6 наурыз 14:00-де Әуезов ауданының Сарыарқа скверінде Ардагерлер кеңесі және Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ұйымдастыратын «Асыл әже» ретро-концерті өтеді.

Медеу ауданында орналасқан Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында 6 наурыз сағат 11:00-де «Әйелмен әлем әдемі» концерті және көпбалалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерімен марапаттау рәсімі болады.

7 наурыз күні сағат 12:00-де Жетісу ауданының мәдениет үйінде «Арулар — асыл жандар» концерті өтеді.