Таяу Шығыс елдерінде жүрген Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары жалғасып жатыр. Эвакуация аясында бірнеше арнайы әуе рейсі жоспарланған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, Air Astana әуе компаниясы Жидда – Ақтау – Алматы бағыты бойынша A320 (148 орын) және Жидда – Атырау – Алматы бағыты бойынша A321 (184 орын) әуе кемелерін ұшырады.
Сонымен қатар Flydubai әуе компаниясы Дубай – Алматы бағыты бойынша екі рейс және Дубай – Астана бағыты бойынша бір рейс орындайды. Жалпы саны 506 жолаушы елге жеткізіледі деп жоспарланған.
Қазақстан азаматтарын елге қауіпсіз жеткізу шаралары уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, үйлестірілген тәртіпте жалғасып жатыр.
Еске салайық, 4 наурызда Таяу Шығыстан 946 қазақ жолаушы мінген бірнеше ұшақ ел әуежайыларына келіп қонды.
