Тоқаев Бахрейн королімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады

Қасым-Жомарт Тоқаев Бахрейн королі шейх Хамад бен Иса Әл Халифамен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылап, еліміз қазіргі қиын-қыстау шақта Бахрейн халқына тілектес екенін айтты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мемлекет басшысы Иранға қарсы соғысқа қатыспаған Бахрейн мен басқа да елдердің азаматтық инфрақұрылымын зымыранмен атқылауға алаңдаушылық білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан жағдайды одан әрі ушықтырмай, қақтығысты диалог және дипломатия жолымен бейбіт түрде шешуді құптайтынын жеткізді, — делінген хАқорда хабарламасында.

Король Хамад бен Иса Әл Халифа ұдайы қолдау көрсеткені үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты. Сонымен қатар сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарға баса мән бере отырып, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі жандандыруға ниетті екенін растады.

Тараптар Қазақстан-Бахрейн арасындағы достық қатынас пен серіктестікті одан әрі нығайтуға бейіл екенін жеткізіп, қасиетті Рамазан айында екі ел халқына бейбіт өмір, бақ-береке тіледі.

***

Тағы оқыңыз:

Израиль мен АҚШ Иранды не үшін атқылап жатыр?