Грант иегері оқу ақысын мемлекетке қайтаратын болды

Жамбыл облысында мемлекеттік грант негізінде білім алған түлек оқу шығындарын бюджетке қайтаруға міндеттелді. Іс Талас аудандық сотында қаралды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Соттың мәліметінше, 2018 жылы Астананың білім басқармасы университет және студент арасында жергілікті бюджет есебінен білім беру қызметін көрсету туралы үшжақты келісім жасалған.

Шарт талаптары бойынша, грант иегері оқуын тәмамдағаннан кейін уәкілетті орган жолдамасымен кемінде үш жыл жұмыс істеуге тиіс болған. Бұл міндет орындалмаған жағдайда оқу шығындарын өтеу қарастырылған. Жауапкер 2021–2025 жылдары «География» мамандығы бойынша білім алып, диплом алғанымен, жолдама бойынша жұмысқа орналаспаған, — делінген хабарламада.

Оқу орнының дерегінше, студентті оқытуға 4,6 миллино теңге жұмсалған. Оның 1,7 миллион теңгесі – оқу ақысы, 2,8 миллион теңгесі – стипендия. Талап қоюшы орган тек оқу құнын өндіріп беруді сұраған.

Сот шешімімен түлектен 1,7 миллион теңге білім басқармасының пайдасына және мемлекет кірісіне мемлекеттік баж өндірілді. Шешім заңды күшіне енген жоқ.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да