Сыйлық беру өнері: ерлер сыйлықты қалай таңдайды?

Көптеген ер азамат үшін сыйлық таңдау – қателесуге болмайтын жауапты емтиханмен тең. Осы құбылысты тереңірек түсіну мақсатында L’aroush зергерлік үйі 125 ер адам арасында сауалнама жүргізді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Зерттеу нәтижесі ерлердің сыйлықты қалай таңдайтыны туралы қалыптасқан түсініктердің шынайылықпен сәйкес келе бермейтінін көрсетті. Көпшілік үшін мінсіз сыйлыққа апарар жол қауіпсіз әрі түсінікті шешімдерден басталады. Ер адамдар жиі соңғы үлгідегі техниканы, сыйлық сертификаттарын немесе дәстүрлі гүлдерді таңдайды. Өйткені смартфонның нақты сипаттамалары бар, ал гүл – классикалық сыйлық.

Алайда мұндай таңдаудың астарында практикалық есептен гөрі қате шешім қабылдаудан қорқу басым. Статистика бойынша, ерлердің тек 15%-ы ғана сыйлық іздеуден шынайы шабыт алады. Қалғандары үшін бұл – күрделі квест.

Кең тараған пікірге қарамастан, ер адамдарды ең алдымен чек сомасы алаңдатпайды. Қаржылық мәселе респонденттердің небәрі 15%-ын ғана толғандырады. Ал негізгі күйзеліс – әйелдің талғамын дәл таба алмау қаупі. Шынайы қуаныш көру қорқынышы баға мәселесінен де басым екені анықталды.

Зерттеу тағы бір қызық заңдылықты көрсетті: ер адам стандартты тізім шеңберінен шығып, жеке ишара жасауға бел буған сәтте, оның таңдауы көбіне зергерлік бұйымдарға тоқтайды. Сауалнамаға қатысқандардың 73%-ы әшекейді әмбебап сыйлық деп санайды.

Мінсіз әшекейді іздеуде ерлердің логикасы әрі поэтикалық, әрі практикалық сипатқа ие. Бірінші орында – дизайн, одан кейін әмбебаптық. Ер адамның түсінігінде зергерлік бұйым талғампаз болуы және іскерлік кездесуден романтикалық кешке дейін кез келген жағдайда үйлесімді жарасуға тиіс. Дегенмен заманауи нарықтағы таңдаудың молдығы шешім қабылдауды жеңілдетпейді. Респонденттердің 96%-ы тез әрі сенімді әрекет етуге мүмкіндік беретін дайын шешімдерді қалайтынын мойындаған.

Айқындық пен мінсіздікке деген бұл сұраныс L’aroush зергерлік үйінің философиясымен үндеседі. Бренд стильді шешімдер мен сапаны ұсына отырып, ер адамға артық күйзеліссіз ерекше сыйлық жасауға мүмкіндік береді.

Сыйлық іздеу күрделі миссиядан жағымды өнерге айналғанда, екі тарап та ұтады: әйел өз стилін айқындайтын әшекейге ие болса, ер адам сүйіктісінің шынайы қуанышына куә болады. Өйткені ең құнды дүниелер шын көңілмен сыйланған сәтте есте мәңгі қалады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да