Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Астанада LRT жүйесіне қызметкерлер қабылдау басталды

Фото: City Transportation Systems ЖШС
Астанада LRT-ны іске қосуға дайындық аясында City Transportation Systems (CTS) платформа бойынша кезекші және LRT кассирі лауазымдарына қызметкерлер қабылдайтынын жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Платформа бойынша кезекші

Үміткерлердің жоғары немесе орта арнаулы білімі болуға тиіс (мамандыққа нақты талап жоқ). Көлік саласында кемінде алты ай жұмыс өтілі, мемлекеттік және орыс тілдерін білу міндетті, ағылшын тілі құпталады.

Міндеттері:

  • жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

  • жабдықтардың жұмысын бақылау;

  • жолаушылар ағынын реттеу және платформада қоғамдық тәртіпті сақтау.

Ұсынылатын жағдайлар:

  • жұмыс беруші есебінен бір айлық оқыту;

  • ҚР еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналастыру;

  • оқу кезінде – бес күндік жұмыс аптасы;

  • жұмысқа қабылданғаннан кейін – ауысымдық кесте.

LRT кассирі

Біліктілік талаптары: жоғары немесе орта арнаулы білім (бухгалтерия, қаржы, экономика, гуманитарлық бағыттар), мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі, «1С: Бухгалтерия» бағдарламасын меңгеру, есептілік жүргізу дағдылары. Мемлекеттік және орыс тілдерін білу міндетті, ағылшын тілі құпталады.

Міндеттері:

  • LRT пайдалану қағидаларын, тарифтер мен жеңілдіктерді түсіндіру;

  • көлік карталарын сату және толықтыру;

  • кассалық есептілік жүргізу.

Exit mobile version