Қазақстанның сейсмологтары Қытай аумағында болған жер сілкінісін тіркеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Қазақ Ұлттық деректер орталығының мәліметінше, жер сілкінісі 2026 жылғы 23 ақпанда Астана уақытымен сағат 09:12-де тіркелген.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай, Қытай аумағындағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында орналасқан.
Сейсмикалық оқиғаның магнитудасы – 5,1, энергетикалық класы – 12,9. Жер сілкінісінің ошағы 19 шақырым тереңдікте болған.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат тіркелмеген.
