Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Қысқы олимпиада: Қазақстан медаль кестесінде 19-орында тұр

Фото: Тұрар Қазанғапов/ҰОК
Италияда Милан–Кортина-2026 қысқы олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

ҰОК мәліметінше, салтанатты кеш Еуропадағы ең танымал тарихи нысандардың бірі – 2 мың жылдан астам тарихы бар әрі ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Арена ди Верона амфитеатрында ұйымдастырылды. Қысқы олимпиада тарихында алғаш рет жабылу рәсімі осындай көне амфитеатрда өтіп, тарихи орын заманауи сахнаға айналды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын Италияда алтын жеңіп алған мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров алып шықты.

қысқы олимпиада
Фото: Тұрар Қазанғапов/ҰОК

Жабылу салтанатына 800-ден астам әнші, музыкант және биші қатысты. Ұйымдастырушылар еріктілердің еңбегін және спортшылардың олимпиадаға дейінгі ұзақ әрі күрделі жолын ерекше атап өтті.

Дәстүр бойынша салтанатты рәсімнің негізгі бөлігі аяқталған соң олимпиада туы түсіріліп, келесі қысқы олимпиаданы қабылдайтын ел – Франция өкілдеріне табысталды. 2030 жылғы қысқы олимпиада ойындары осы мемлекетте өтеді.

Қазақстан құрамасы Италияда өткен 2026 жылғы қысқы олимпиада ойындарын бір алтынмен аяқтады.

Медаль кестесінде Қазақстан 19-орынға жайғасты. Жалпы есепте Норвегия көш бастады. Екінші орынды АҚШ иеленсе, үздік үштікті Нидерланд құрамасы түйіндеді.

Еске салайық, Қазақстанның мәнерлеп сырғанаушысы Михаил Шайдоров қысқы олимпиада алтынын жеңіп алды. 

Мақалаға реакция